Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет

0 64

Қаланың көркі мен тазалығы – тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрсеткіші. Көшелердің, аулалардың және қоғамдық орындардың таза әрі реттелген болуы тұрғындарға жайлы орта қалыптастырып қана қоймай, елді мекеннің санитарлық жағдайы мен сәулеттік келбетінің сақталуына ықпал етеді. Осыған байланысты қала аумағында абаттандыру қағидаларының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдануда.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгеріс- терге сәйкес, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты талаптар күшейтіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға басымдық берілуде. Осы өзгерістер аясында Жібек жолы ауданында абаттандыру ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Аудан аумағында учаскелік полиция инс- пекторлары мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіруде. Әсіресе, құрылыс материалдарын белгіленбеген орындарға төгу, қоғамдық орындарды ластау, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды ретсіз орналастыру деректерінің алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Жүргізіліп жатқан рейдтік және профилактикалық шаралардың мақсаты – азаматтарды жауапкершілікке тартудан бұрын заң талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және аудан аумағында тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Сонымен қатар тұрғындарға алғаш анықталған құқықбұзушылықтар бойынша заңда көзделген тәртіппен ескерту шаралары қолданылып, қайталанған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілуде.
– Ауданға қарасты 5 аумақтық округте күнделікті полиция бөлімшесі мен инс- пекторлары, әкімдік мамандары бірлес- кен рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын атқаруда. Мәселен, «Құмшағал» алабында жүргізілген шара барысында бірнеше заңбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда тұрғын үйдің алдында азаматтың құрылыс материалдарын белгіленбеген жерге төккені анықталды. Аталған әрекет қаланың абаттандыру қағидаларын бұзып, қоғамдық тәртіп пен санитарлық талаптардың сақталуына кері әсерін тигізген. Оқиға бойынша Тараз қаласы Полиция басқармасы №3 полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс материалдарын рәсімдеп, құқық бұзушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 505-бабының 1-бөлігі талаптарына сәйкес әкімшілік шара қолданды.
Аталған бапқа сәйкес, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындарды ластау немесе белгіленбеген жерге құрылыс материалдарын, тұрмыстық қалдықтарды және өзге де заттарды орналас- тыру заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Осы құқық бұзушылық үшін азаматқа ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, – дейді №3 аумақтық округтің инспекторы Ескер Буралхиев.
Құқық қорғау органдарының басты мақсаты – азаматтарды жазалау емес, ең алдымен, құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру. Сондықтан мұндай профилактикалық жұмыстар қала аумағында тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Әрбір тұрғынға қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, құрылыс материалдарын арнайы белгіленген орындарға ғана орналастыру қажеттігі ескертіледі.
– Қаланың тазалығы мен көркеюі – тек коммуналдық қызметтердің немесе мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Әр азамат өз ауласына, көшесіне және қоршаған ортасына ұқыптылықпен қараған жағдайда ғана таза әрі жайлы қала қалыптастыруға болады. Осыған байланысты Тараз қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне, аудан тұрғындарына абаттандыру қағидаларын қатаң сақтау, құрылыс материалдары мен қалдықтарды белгіленген орындарға шығару және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге жол бермеу қажеттігі тағы да ескертіледі. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіз, таза және көрікті қаланы қалыптас- тырудың басты кепілі, – дейді Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары Диас Әжіман.
Қоғамдық тәртіп пен қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі. Абаттандыру қағидаларын сақтау арқылы біз тек өз ауламыздың ғана емес, тұтас қаланың келбетін жақсартуға үлес қосамыз. Бүгінде Жібек жолы ауданында жүргізіліп жатқан түсіндіру және профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, аудан аумағында тазалықты сақтау мен қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға басымдық беріледі. Өйт- кені таза қала – тұрғындардың жоғары жауапкершілігінің, заңға құрметінің және ортақ еңбегінің нәтижесі.

Арайлым ШАБДЕНОВА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.