Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қала тазалығына баршамыз жауаптымыз

0 35

Қаланың санитарлық тазалығы мен экологиялық ахуалын жақсарту – жергілікті атқарушы органдардың және қоғамның ортақ міндеттерінің бірі. Осы бағытта қала аумағында тазалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде түсіндіру және бақылау шаралары жүргізілуде.

Қоғамдық орындардың, аулалардың және көшелердің таза әрі ұқыпты болуы әрбір азаматтың жауапкершілігі екені үнемі назарға алынуда. Осыған қарамастан, кейбір тұрғындар тарапынан санитарлық талаптардың сақталмауы және аумақтарды күтіп ұстауға жеткілікті мән бермеу жағдайлары әлі де кездеседі.
Айталық, 1-14 мамыр аралығында өткен рейдтік шаралар нәтижесінде қаланың екі ауданы бойынша тазалық талаптарын бұзудың 131 дерегі тіркелді. Оның ішінде Әулиеата ауданында 27 тұрғынға ескерту жасалып, 8 азаматқа айыппұл салынды. Ал Жібек жолы ауданында 75 тұрғынға ескерту беріліп, 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағытта атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау.

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.