Тараз қаласының әкімшілік- аумақтық құрылымын жетілдіру мақсатында Әулиеата және Жібек жолы атауларымен екі жаңа аудан құрылған болатын. Соның ішінде Әулиеата ауданын әлеуметтік-экономикалық және мәдени тұрғыдан қарқынды дамып келе жатыр деп нық сеніммен айтуға болады.
Бүгінде аудан халқының саны 273 766 адамды құрап, көпұлтты қоғамның жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандар салу, жол жөндеу және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспар жайында аудан әкімі Барлық Төрехановтан сұраған едік.
– Аудан аумағында тұрғын үй инфрақұрылымы жүйелі қалыптасқан. Мұнда 1 231 көпқабатты және 29 619 жеке тұрғын үй бар. Бұл көрсеткіштер халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстардың тұрақты жүргізіліп жатқанын аңғартады. Ал аудан әкімі аппаратының штат саны 25 бірлікті құрап, жергілікті басқару жүйесінің тиімді қызмет етуіне негіз болып отыр.
Байзақ және Жамбыл аудандарынан қосылған Шайқорық, Танты, Қоңыртөбе, Бектөбе, Қызылшарық және Қызылжұлдыз елді мекендері мен «Шайқорық» стансасы Әулиеата ауданының әлеуметтік құрамын толықтыра түсті.
Білім беру саласы – аудан дамуының маңызды бағыты. Бүгінде мұнда жалпы саны 72 мектеп жұмыс істейді. Оның 46-сы – мемлекеттік, 26-сы – жеке меншік мектептер. Сонымен қатар 1 кешкі мектеп, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және 3 қосымша білім беру мекемесі қызмет көрсетеді. Бұл білім беру сапасын арттыруға және әр баланың қажеттілігіне сай жағдай жасауға мүмкіндік береді, – ейді аудан әкімі.
Мәдениет пен демалыс инфрақұрылымы да тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Ауданда 4 мәдениет үйі, 10 кітап- хана, 9 демалыс саябағы және 6 сквер халық игілігі үшін жұмыс істейді. Бұл нысандар – рухани даму мен бос уақытты тиімді өткізуге арналған маңызды орталықтары.
Құрылыс қарқыны – болашақ кепілі
Әулиеата ауданы бүгінде ауқымды құрылыс алаңына айналып, заманауи инфрақұрылым мен жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс- тар жүргізіп келеді. Бұл – тек жаңа ғимараттар салу ғана емес, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді даму үрдісі.
Ағымдағы жылы аудан аумағында бюджет қаражаты есебінен 59 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. «Шапағат» шағын- ауданында 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 12-сі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 30 үйдің құрылысы жүруде. Ал «Ұлы дала» (15) шағынауданында 22 тұрғын үй салынып жатыр. Оның 10-ы қазірдің өзінде ел игілігіне берілген. «Балауса» (14) шағынауданында да құры- лыс қарқыны жоғары. Онда 22 көпқабатты тұрғын үйдің 5-еуі пайдалануға тапсырылған.
– Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту – аудан дамуының басты бағыттарының бірі. Өткен жылы Сыпатай батыр, Төле би және Қ.Тұрысов көшелерінің бойындағы «М-1» жылу магистралінде қайта жаңғыр- ту жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылы 4 602 метр құбыр ауыстырылған. 2025 жылы қосымша 1 536 метр жылу құбыры жаңартылды. Сонымен қатар Жамбыл даңғылы бойындағы «М-3» жылу магис- тралінің жаңғырту жұмыстары толық аяқталып, жалпы 2 186 метр құбыр ауыс- тырылды.
«Ұлы дала» шағынауданындағы жылумен қамту жүйесін жетілдіру мақсатында магистралдық және ішкі кварталдық желілер кеңейтіліп, 518 метр құбыр жаңартылды. Сондай-ақ тұрғын үйлерге қуаты жоғары сорғылар орнатылып, жылу сапасын арттыруға мүмкіндік жасалды. Тұрғындар тарапынан түсетін шағымдар ескеріліп, әрбір мәселе кезең-кезеңімен шешімін табуда.
Энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Ұлы дала» шағынауданында 110/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 6,8 млрд теңгені құрайды. Бұл нысан электр қуаты тапшылығын жойып, жаңа аудандардың толыққанды дамуына жол ашады.
Әлеуметтік және әкімшілік нысандардың құрылысы да назардан тыс қалған емес. Ауданда жаңа әкімшілік ғимарат бой көтеруде. Сонымен қатар «Ұлы дала» шағынауданында дене шынықтыру- сауықтыру орталығының құрылысы жүріп жатыр, – дейді аудан әкімі Барлық Әдепханұлы.
Білім беру саласында да ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. 2025 жылы «Ұлы дала» шағынауданында заманауи №67 және №69 мектептер пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, бірқатар білім ошағында күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, оқушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
Жалпы, Әулиеата ауданындағы құрылыс қарқыны – өңірдің тұрақты дамуының айқын дәлелі. Жаңа тұрғын үйлер, жаңартылған инженерлік желілер мен заманауи әлеуметтік нысандар – мұның бәрі халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Қарқынды құрылыс – жарқын болашақтың кепілі.
Инфрақұрылым игілігін ел көреді
Әулиеата ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар кезең- кезеңімен жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға нақты серпін беруде. Соның ішінде сыртқы жарықтандыру, жол жөндеу және ауызсумен қамту мәселелері – халық үшін аса маңызды бағыттардың бірі.
Көше жарығы – тұрғындарды жиі толғандыратын өзекті мәселелердің қатарында. Ағымдағы жылы бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 35 көше мен 205 аула жарықтандырылып, кешкі уақыттағы қауіпсіздік пен қолайлылық деңгейі айтарлықтай артты. Атап айтқанда, Д.Қонаев, Н.Левашов, А.Попов, Бульвар, Желтоқсан, С.Дәненұлы көшелері мен өзге де аумақтарда жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар «Ұлы дала» шағынауданындағы 100-ден астам ауланың 23-і және 44 көшенің 15-і жарықпен қамтылды. Бұл жұмыстар биыл толық аяқталып, аудан түгелдей жарықтандыру жүйесімен қамтамасыз етілмек.
– Жол инфрақұрылымын дамыту да бас- ты назарда. Аудан аумағында жалпы саны 642 көше бар. 2025 жылы 24 жоба аясында 41 көшеге асфальт төселіп, 5 көшеге жалпы ұзындығы 6,59 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынды. Бұл – жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
«Ұлы дала» шағын- ауданынан А.Асқаров көшесіне дейін «Қапал» каналы арқылы
өтетін жаңа автомобиль көпірі пайдалануға берілуі көлік қатынасын жеңілдетіп, аудан тұрғындары үшін үлкен қолайлылық тудыр- ды. Сонымен қатар төрт ірі көше қиылысында жаңа бағдаршамдар орнатылып, жол қозғалысы қауіпсіздігі күшейтілді.
Жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылым да жақсарып келеді. Бірқатар көшеде және мектептерге апаратын жолдарда жаңа жаяу жүргінші жолдары салынды. Атап айтқанда, №50, 35 және 47 мектептерге баратын бағыттар толықтай абаттандырылды. «Ұлы дала» шағынауданында да мектептерге апаратын 6,5 шақырым жолға жаяу жүргінші жолдары төселді. Көлік жолдарын жаңғырту бағытында Рысбек батыр, Қолбасшы Қойгелді және А.Асқаров көшелерінде қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, 2025 жылы «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабындағы 80-ге жуық көшеге асфальт төселіп, бұл бағыттағы жұмыстар толық аяқталды.
Жеке бастамалар да қолдау табуда. Кәсіпкердің қаржысы есебінен «Қоңыртөбе» аумағындағы зиратқа баратын 3 шақырым жолға шағал тас төселді. Ауданда биыл 8 ойын алаңшасы салынып жатыр. «Бектөбе» алабының орталық көшесі орта жөндеуден өтеді. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолын да салу жоспарда, – дейді аудан әкімі.
Ауызсумен қамту – аудан дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 97 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. «Бектөбе» алабында 1 750 аула таза ауызсумен қамтылып, 40 көшеге жаңа су құбырлары тартылды. «Қызылшарық» алабында да 260 аулаға су жүйесі жүргізіліп, толық пайдалануға берілді.
Сонымен қатар «Родничок», «Қайнар», «Мичуринец» және «Ақжол» тұрғын алқаптарын орталықтандырылған ауызсумен қамту жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күні бұл аумақтардағы 5 405 тұрғын таза ауызсуға қол жеткізу үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудан аумағында бірқатар көшелерде тозығы жеткен су құбырлары толық жаңартылуда.
Жаңғырту жұмыстары жүйелі жүруде
Әулиеата ауданында тұрғындардың күнделікті өмір сапасын арттыруға бағытталған маңыз- ды салалардың бірі – қоғамдық көлік жүйесі мен тұрғын үй қорын жаңғырту. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар ауданның заманауи келбетін қалыптастыруға және халыққа қолайлы орта жасауға негіз болып отыр.
Бүгінде аудан аумағында қоғамдық көлік қызметін 8 тасымалдаушы мекеме қала бойынша 45 бағытта, оның іщінде Әулиеата ауданының аумағында Жібек жолы ауданымен шектеспей 15 бағыт бойынша тұрақты қатынас ұйымдастырылған және 522 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Аудан тұрғындарының сұранысына сәйкес, 2025 жылдың 15 қазанынан бастап жаңа №3 автобус бағыты іске қосылды. Бұл бағыт «Шайқорық» алабынан облыс- тық балалар ауруханасына дейін қатынайды. Аталған маршруттың ашылуы – ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген көлік мәселесінің оң шешімі болып, тұрғындардың қатынау мүмкіндігін едәуір жеңілдетті.
Қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2025 жылы 45 жаңа аялдама орнатылып, 32 аялдамаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биыл да жалғасуда. Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы аялдамалар саны 365-ке жетіп отыр. Бұл өз кезегінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, қоғамдық көлікті пайдалану мәдениетін арттыруға ықпал етуде.
Сонымен қатар «Шайқорық» стансасында тұрғындардың бау-бақшаларын суаратын дренаж каналы арқылы өтуіне қолайлы жағдай жасау мақсатымен жаяу жүргіншілер мен көлікке арналған арнайы көпір орнатылды. Бұл жоба демеушілік негізде жүзеге асырылып, жергілікті халықтың тұрмысын жеңілдетуге бағытталған нақты қадам болды.
Тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Ауданда бірыңғай сәулеттік келбет қалыптастыру мақсатымен көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу қолға алынған. 2025 жылы Абай даңғылы, Әйтеке би және Қазыбек би көшелерінде орналасқан 15 тұрғын үй толық жаңғыртудан өтті. Алдағы кезеңде бұл жұмыстар жалғасын тауып, 2026 жылға 15 тұрғын үйдің қасбеті мен шатырын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
Тапсырма талабы – нақты нәтиже
Әулиеата ауданында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүйелі түрде іске асырылуда.
Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары да өз нәтижесін беруде. Атап айтқанда «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы 254 жас маман еңбек жолын бастаған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 19 адам жолданса, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 46 азамат жұмыспен қамтылды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 6 жас қатысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Ал «Күміс жас» бағдарламасы аясында 200 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар ақылы қоғамдық жұмыстарға қала бойынша 2 445 адам тартылып, уақытша жұмыспен қамту шаралары іске асырылды.
Көпбалалы аналарды қолдау мәселесі де назардан тыс қалған емес. Биыл «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларына 141 өтінім қабылданып, 2025 жылдың 31 шілде және 15 желтоқсан күндері – 119, 2026 жылдың 8 наурызында 45 көпбалалы анаға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» рес- публикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылы демеушілерді тарта отырып, 5 000 түп ағаш егілді. 2026 жылға жасалған меморондум аясында «Ұлы дала» шағынау- данында саябақты абаттандыру жұмыстары басталып, бүгінгі күнге 4 түрлі 206 түп сәндік ағаш егілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта «Шайқорық» және «Қызыл- жұлдыз» алаптарында да жалғасын таппақ.
Жалпы, ауданда апта сайын ауқымды сенбіліктір өтуде. Сондай-ақ қала әкімі Бақытжан Орынбековтың тапсырмасына сай шаһарда екі айлық сенбілікке де біздің аудан әкімінің аппаратынан бастап барлық округ инспекторлары, ардагерлер, жастар мен тұрғындар наурыз айының басынан бастап белсенді қатысуда.
Санитарлық тазалық пен абаттандыру саласында сенбіліктер мен рейдтер жүйелі түрде өткізіліп, қоқыс шығару, арықтар мен дренаждарды тазалау жұмыстары күнделікті жасалуда. Ирригациялық жүйелер мен каналдарды механикалық тазалау жүргізіліп, суаруға қажеттілік толық қамтамасыз етілді. Ауданда әлі де шешемін таппаған мәселлер бар. Олардың қатарында кейбір елді мекендерде электр және ауызсу жүйелерінің ескіргені, қоғамдық жұмысшылардың жетіспеушілігі, кейбір инфрақұрылым жобаларына бюджет қолдауының кешігуі секілді жайттарды атауға болады. Дегенмен, аталған мәселелердің шешімі жоспарланып, келесі жылдарға нақты жобалар енгізілуде. Барлық мәселе жіті қадағалануда, – дейді аудан әкімі.
Әулиеата ауданы – заманауи талаптарға сай дамып келе жатқан, инфрақұрылымы жаңарып, әлеуметтік келбеті айқындалған әкімшілік бөлік. Алдағы уақытта атқарылатын жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ауданның әлеуеті одан әрі артып, Тараз қаласының дамуына елеулі үлес қоса беретіні сөзсіз.