Қаланың тазалығы – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмір сүруінің басты кепілі. Таза әрі көрікті орта шаһар мәдениетінің айнасы ғана емес, әрбір тұрғынның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін көрсетеді.
Соңғы жылдары шаһар аумағында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау, қоқыс алаңдарының маңын ластау және заңсыз қоқыс үйінділерін қалыптастыру жағдайлары жиілеп отыр. Мұндай әрекеттер санитарлық талаптардың бұзылуына, қоршаған ортаның ластануына және тұрғындардың өмір сапасының төмендеуіне әкелуде.
Осыған байланысты шаһарда тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптас- тыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен күшейтілуде. Әсіресе, тұрмыстық қалдықтар жиналатын алаңдар мен заңсыз қоқыс орындарын бақылау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Қала көшелерінің тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында заманауи цифр- лық бақылау тетіктері енгізіліп, арнайы жылжымалы бейнебақылау камералары орнатылып, іске қосылды. Ерекше атап өтерлігі, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзырлы органдарға жолданып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тараз қаласының әкімдігі