Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Көлік шуын азайтатын қоршаулар орнатылды

0 57

Қала тіршілігінің қарқыны артқан сайын тұрғындардың жайлы өмір сүруіне әсер ететін мәселелер де өзекті бола түсуде. Соның бірі – көлік қозғалысынан туындайтын шу. Бұл, әсіресе, ірі көшелер мен жолдардың бойында орналасқан тұрғын үйлер үшін күнделікті қолайсыздыққа айналатыны белгілі.

Осыған орай Таразда қала тұрғындарының тыныштығы мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам жасалып, көлік шуын азайтатын арнайы қоршаулар орнатылды. Бұл бастама шаһар инфрақұрылымын жетілдірумен қатар, қолайлы әрі жайлы қалалық орта қалыптастыруға негіз болмақ.
Бұл қоршаулар Төле би даңғылы бойында, Тәуке хан көшесіндегі көпірден Әл- Фараби көшесіне дейінгі аралықта қойылды.
Ұзындығы 330 метрді құрайтын қоршау көлік қозғалысынан шығатын шуды азайтып, жол бойындағы тұрғын үйлердің тыныштығын сақтауға бағытталған.

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.