Қалалық қоғамдық-саяси газет

«99 депутат қолдады»: Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

0 502

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясына, Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы заңға сәйкес өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді», – деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Мәжіліс депутаттары Назарбаеваның отставкаға кетуін қолдап, дауыс берді.

«99-ы қолдап, біреуі қарсы болды. Қаулы қабылданды», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.