Қалалық қоғамдық-саяси газет

«950 мың теңге»: Самұрық-Қазына» қорының басшысы қызметкерлерінің орташа жалақысы туралы айтты

0 187

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев қызметкерлердің орташа жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біздің қорда басқарушы персоналдың орташа жалақысы 950 мың теңге, ал өндірістік персоналдың (қатардағы қызметкерлер –  қордың баспасөз қызметі нақтылады) айлығы 400 мың теңге», – деп жауап берді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғановтың айтуынша, жыл басынан бері реформа басталы қор қызметкерлерінің саны 248-ден 124-ке дейін қысқарған.

Сондай-ақ басшылар саны да екі есе, 10-нан беске дейін азайды. Ал тоғыз айдың ішінде жаңадан қызметке 9 адам қабылданған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.