Қалалық қоғамдық-саяси газет

932 жоба субсидияландырылды

0 252

Қаланың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттырып, кіріс көлемін ұлғайтуда кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып жатқаны рас. Осы тұста Тараз қаласы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша тәп-тәуір межеге жетіп отырғанын атап өтпеске болмайды. Жалпы шаһарда 32 мыңнан астам кәсіпорын бар. Сонымен былтыр қалада шағын және орта бизнес субъектілері 284 миллиард 251 миллион теңгенің өнімі шығарып, 54109 адамды жұмыспен қамтыған,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Бұдан бөлек шағын бизнес объектілеріне кәсіпкерлік үшін 70,4832 гектар құрайтын 564 жер телімі беріліпті. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 932 жобаға 16,4 миллиард теңге субсидия бөлінген.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.