Қалалық қоғамдық-саяси газет

91 жастағы қария медициналық көмекті күтпестен өзіне ота жасап тастаған

0 195

Ленинград облысында 91 жастағы кейуанаға ота жасалуы керек болған. Бірақ қарияның коронавирусты анықтайтын сынақ нәтижелері оң болғандықтан, ол хирургқа бара алмай денесін өзі тіліп жіберген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем қызметкері Виктория Шутова ауруынан құтылу үшін ішін өзі кескен егде жастағы науқас туралы айтып берді. Ол сондай-ақ қария қатты ауырудан өзінің денесін өзі кесіп жібергенін айтады.

«Сүйікті қызым, қамбатты немерелерім! Қолыңнан келсе, мені кешіріңдер. Мен мұндай аурумен өмір сүре алмаймын. Мұндай ауырлықты көтеру мен үшін өте қиын болды. Менің жақындарым», – деп жазды қария.

Шутованың айтуынша, әйелге қатерлі ісік диагнозы қойылған, бірақ коронавирус сынағы оң нәтиже бергендіктен жоспарланған операцияны кейінге қалдыруға тура келді. Бұл жағдайда қатерлі ісік асқынуға әкелді.

«Бұл асқынумен өмір сүру сапасы айтарлықтай төмендейді. Жүру, жату, тіпті тыныс алу қиынға соғады. Ал әженің өзі жағдайды жеңілдету үшін хирургиялық араласу – лапароцентез жасайды. Яғни, ол сұйықтықты кетіру үшін іштің алдыңғы қабырғасын жіңішке пышақпен кесіп тастаған», – деп түсіндірді Шутова.

Ленинград облысының денсаулық сақтау комитеті егде жастағы әйелдің жағдайы қазір тұрақты деп бағаланып, ол дәрігерлердің бақылауында екенін атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.