Қалалық қоғамдық-саяси газет

8 наурыз күні Қарағанды облысының тергеу изоляторынан екі ер адам қашып кеткен

0 199

Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан 8 наурыз күні серуендеу кезінде екі тұтқын қашып кеткен , деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Шахтинск полицейлері 8 наурызда Шахтинск ІІБ уақытша ұстау изоляторының жаттығу алаңынан қашып кеткен екі тұтқынды ұстады.

Полицейлер қашқындарды бірнеше сағаттың ішінде ұстап үлгерді. Қашу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 426-бабы «Бостандығынан айыру, қамауға алу немесе күзетпен ұстау орындарынан қашу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, мұндай тәртіп бұзушылыққа 426-бапта алты жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.