Қалалық қоғамдық-саяси газет

77 жастағы астаналық қария Нью-Йорктегі жүгіруден өткен жарыста екінші орын алды

0 508

77 жастағы астаналық Салтанат Түйтебаев беделді Нью-Йорктегі айтулы марафонда екінші орын алды. Ол «75+» жас санатында өнер көрсетіп, америкалық мегаполистің көшелерімен 42 шақырым жүгіріп өтті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Салтанат Түймебаев түрлі елден 33 мыңға жуық адам қатысқан айтулы спорттық іс-шарада Қазақстанның жалғыз өкілі болды. Биыл марафон өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Сондықтан ақсақал жүлдегерлер қатарында болғанына одан сайын қуанышты. Айтуынша, бұл оның арманы болған.

«Бірінші орынды америкалық ер адам алды, мен оны жақсы танимын. Тамаша жүгіреді. Ол жеңіске лайықты. Бір сөзбен айтқанда, бұл менің өмірімдегі үлкен оқиға. Тіпті бұл ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаттарына қарағанда керемет», – дейді марафон жүлдегері.

77 жастағы спортшы белсенді өмір салты оған сынақтан өтуге көмектескенін айтты. Осыған дейін қазақстандық жеңіл атлетикадан отандық және шетелдік жарыстар мен чемпионаттарда жеңіске жеткен. Қазір ол келесі жылы Жапонияда өтетін спорт ардагерлері арасындағы олимпиадаға дайындалып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.