Қалалық қоғамдық-саяси газет

75 миллион теңге қарыз алып, ұтылып қалған: Түркістан облысында жоғалып кеткен жігіт табылды

0 141

Түркістан полицейлері 75 миллион теңге қарыз болып, жоғалып кеткен жігітті тапты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, жасы 30-ға жуықтаған ұлы үйінен шығып, қайта оралмаған. Төрт тәулік уақыт өткен.

Алайда іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған соң, полицейлерге хабарласқан. Полицейлер оқиға орнына барған. Олар қала көшелерін тексеріп, ер адамның суретін көрсетіп тұрғындардан сұрастырған.

Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылған.

Бір аптадан соң Түркістан полицейлері жоғалған тұрғынды Алматы қаласынан тапты. Ол таныстарынан 75 миллион теңге қарызға алып, бар қаражатты құмар ойынға жұмсап жіберген.

Өз сөзінде қарызға алған ақшаны қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.

Қазіргі уақытта тұрғын үйіне жеткізілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.