Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талас ауданы ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

0 933

Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбековтың 2022 жылғы 30 қарашадағы № 503-ө өкімімен Махмут Аябекұлы Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Аябекұлы Махмут 1995 жылы 20 ақпанында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

2016 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2016 жылы Қаратау қалалық әкімінің аппаратында жастар тәжірибесінің маманы болып бастаған.

2017-2020 жылдары Қаратау қалалық әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық және әлеуметтік бөлімшесінің бас маманы.

14.12.2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келген.

Үйленген. Отбасында 2 қыз тәрбиелеуде.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.