Қалалық қоғамдық-саяси газет

№7 аумақтық округ көпке үлгі көрсетті

0 499

Екі айлық аясындағы кезекті сенбілікке 7487 қала тұрғыны қатысып, 140 тонна күл-қоқыс шығарды. Қоқыстарды жинауға қосымша 22 дана арнайы көлік жұмылдырылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жалпы қаланы тазарту жұмыстарына бел сыбана кіріспес бұрын облыстық және қалалық мекемелерге, кәсіпкерлерге және бизнес өкілдеріне, сондай-ақ облыс әкімдігінің басқармалары мен қала әкімдігінің бөлімдеріне сенбілік туралы хабарлама жолданған. Бас инспекторлар арқылы әрбір квартал комитетіне, пәтер иелері кооперативтеріне хабарланған.

Нәтижесінде сенбілікте №7 аумақтық округтен 1100 адам қатысып көш бастаса, бір күнде 20 тонна қоқыс шығарған №3 округтегі мекемелер де көпке үлгі болды. Аталған округте білім басқармасы, ауыл шаруашылығы бөлімі, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, ветеринария, құрылыс, туризм, жастар саясаты мәселелері басқармалары, жер қатынастары бөлімі және басқа да мекемелердің қызметкерлері тазалық жұмыстарына атсалысты.

Әрине, тазалық сақтауды өздерінен бастаған мекемелердің тірлігі қандай мақтауға да лайық. Енді сенбілікке атүсті қарап жүрген өзгелер бұдан үлгі алады деп сенеміз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.