Қалалық қоғамдық-саяси газет

«7-20-25 по-чимкентски»: Басқарма басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалады

0 315

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Утенбаев Ғалымжан Әмірбекұлының үстінен несиелік үйлерді сату бойынша заңсыз конкурс өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалады деп жазды turkystan.kz.

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға конкурстық іріктеу жөнінде туындаған дауға қатысты жергілікті тұрғындармен және БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиында ол Тұрғын үй басқармасы басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.

Бұған қоса, әкім орынбасары өтініш берушілердің тізімін әкімдік қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері кіретін арнайы құрылған комиссия реттейтінін айтты. Оның айтуынша, мұқият қаралып болғаннан кейін құжаттар одан әрі шешім қабылдау үшін банкке беріледі.

Еске сала кетсек, 15 сәуір күні Шымкентте 7-20-25 бағдарламасы бойынша байқау аяқталды. Шаршы метрлерді жеңілдетілген бағамен сатып алуға 12 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Алайда осыдан кейін тізімдегі алғашқы өтініш берушілер қатарында «жоғары шендегі» мемлекеттік қызметкерлердің есімдері болғаны қала тұрғындарының наразылығын тудырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.