Қалалық қоғамдық-саяси газет

6306 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді

0 163

Бүгінде Тараз қаласында әлеуметтік салаға ерекше екпін берілуде. Бұл жөнінде шаһар басшысы Ержан Жылқыбаевтың ағымдағы 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебінде мәлім болды. Айталық, есепті мерзімде 959,2 млн. теңгеге 6306 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ, жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 8918 азамат қамтылып, 5261 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұдан бөлек көпбалалы аналардың мәселесі де олармен тұрақты түрде диалог орнату арқылы жүйелендірілген. Күні кеше есігін айқара ашқан «Анаға тағзым» орталығы бұл жұмысқа қосымша зор септігін тигізбек.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынға «Асарлатып үй салу» жобасы да жүйелі жүзеге асуда. Айталық, биыл Таразда осы жоба аясында 15 үй соғылуда. Олар жыл соңына дейін мұқтаж отбасыларға табысталатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.