Қалалық қоғамдық-саяси газет

«6 жылдық мінсіз қызметі үшін ол 28 марапатқа ие болған»: Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған құтқарушы жайлы әріптестері айтып берді

0 6  437

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан жарақат алып, ауруханада көз жұмған өрт сөндіруші жайлы әріптестері айтып берді, -деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Турманов Жәнібек – Тараз қаласының №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы болып қызмет екен. Оның артында жары мен екі баласы қалды.

“Жәнібек сол күні кезекші қарауыл құрамында болған. Олар оқиға орнына, яғни Байзақ ауданына алғашқылардың бірі болып келді. Өзінің қызметес досы, әріптесі Дидар Умирзаковпен бірге өрт автоцестернасынан лафеттік оқпанды қолданып, өртті сөндірмек болған сәтте алғашқы жарылыс орын алған. Дидардың айтуынша, олар Жәнібекпен бірге жарылыс дүмпуінен көлік үстінен жерге құлаған. Одан әрі әріптестерін іздей бастады. Әріптесінің сөзінше, олар Жәнібек екеуі тұла бойларын зорға алып жүргендеріне қарамастан етқызумен жарылыс аумағынан алыстауға тырысқан. Жолай жерден өзге біреулердің каскаларын тауып алып, бастарына киеді. Бірақ үсті-үстіне қайталанған жарылыстардан каскалары қайта-қайта ұшып кеткен. Содан кейін олар жараланған әріптестерін кездестіріп және окопта көмек күткен”, – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Зардап шеккен құтқарушы Нұр-Сұлтанға жеткізілген.

“Жәнібек Турманов сол түні Тараз қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Осыдан кейін, бірнеше күннен соң ол арнайы бортпен Нұр-Сұлтан қаласының Травмоталогия және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Біз бәріміз оның тез ортамызға оралуын күткен едік. Бірақ, өкінішке орай, 2021 жылдың 11 қыркүйегінде таңғы 4-те ол мына жарық дүниемен қош айтысып кете барды”, – дейді әріптестері.

Олардың айтуынша, марқұмның алға қойған жоспарлары көп еді.

“Біз үшін Жәнібек өзінің жарқын күлкісімен есте қалары анық. Біз оны «Джони» деп еркелуші едік. Әрқайсысымызға ол керемет дос бола білді. Әріптестерінің айтуынша, ол әрқашан өрт сөндіру ісінде бірінші болып, жұмысты жауапкершілікпен орындаған. Оның алдағы болашаққа жоспарлары көп болған деседі. Погондағы жұлдыздарын көбейткісі келді. Ол тіпті жақын аралықта офицер де болар еді. Өйткені Жәнібек биыл ғана Санкт-Петербург қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітіген болатын.
Ол өзінің азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2013 жылғы қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет гарнизонында бастады. Содан кейін 2015 жылы Жамбыл облысына ауыстырылды. Осы 6 жылдық мінсіз қызметі үшін ол 28 марапатқа ие болған. Иә, тағдырға не шара! Қош бол, егемен елдің жаны жайсаң азаматы. Біз сені мәңгілік ұмытпаймыз”, – деді ТЖД қызметкерлері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.