Қалалық қоғамдық-саяси газет

57 жастағы Алматы тұрғынынан 24 келі марихуана тәркіленді

0 156

Полицейлер 57 жастағы алматылық ер адамнан 24 келі марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық «Қарасора» іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы Г.есімді азамат ұсталды.

«Күдіктінің үйінен рұқсат етілген тінту кезінде жалпы салмағы 23 келіден асатын марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Үйдің іргесіндегі аумақтан да өзі өсірген 6 түп қарасора табылды», – дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары басталды.

Тергеу ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешіп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.