Қалалық қоғамдық-саяси газет

507 миллион теңгені казиноға шашқан мемлекеттік қызметкерлер тексеріле бастады

0 752

Құмар ойындарға берілген мемлекеттік қызметкерлерге байланысты тексеру жұмыстары басталды. Соның нәтижесіне сай оларға нақты шара қолданылмақ, деп хабарлайды Экспресс К

Алматы облысындағы бірқатар казиноға миллиондап ақша жаратқан қызметкерлерге байланысты тексеру басталғанын мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегілер хабарлады. Дерекке сүйенсек, әдеп кодексіне сай қойылған талаптардың бұзылғаны анықталса, оларға нақты шара қолданылады.

Кодекске сай мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс, — делінген агенттік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін 307 қызметкердің казино жағалап, миллиондаған ақша жаратқанын жазған еді. Тіпті деректе облыстық прокуратура қай саланың қызметкерлері құмар ойынға жақын болғанын тізіп берген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.