Қалалық қоғамдық-саяси газет

5 наурызда із-түзсіз жоғалған Қарағандылық қыздың денесі орманнан табылды

0 440

Қарағандыда 5 наурызда жоғалып кеткен 27 жастағы Анастасия Шевякова табылды. Әйел пышақ жарақатының іздерімен, орман алқаптарынан табылды, – деп хабарлайды «Адырна» порталы.

Әйелдің өлімінің мән-жайын Қарағанды ​​облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, 27 наурыз күні таңертең Қазыбек би атындағы аудандағы орман алқаптарынан жас әйелдің денесі табылған.

«27 наурызда бұрын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 27 жастағы қала тұрғынының пышақ жарақаттарымен мәйіті табылды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді», – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент күдіктінің мойындағанын қосты. Оның айтуынша, ол 5 наурыз күні марқұммен ауызша жанжалдасып қалған. Үйінде бола тұрып, туындаған жанжал кезінде жәбірленушіні пышақтап, қылмысты жасыру үшін марқұмның денесін орманға апарып көмген.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде», – деп атап өтті департаменттегілер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.