Қалалық қоғамдық-саяси газет

5 ай қамауда отырған Аягөз қаласының әкімі бостандыққа шықты

0 384

Аягөз қаласының экс-әкімі Қуаныш Азыханов 5 ай қамаудан кейін босатылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Сот оның арызын қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен өтеуге ауыстырған. Оның көлемі 241 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 702 мың теңге. Қала әкімі болған Қуаныш Азыхановқа “1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алды» деген айып тағылған болатын. Тергеу мен сот 9 айға дейін жалғасқан еді.

Нәтижесінде 4 жыл 5 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Алайда Семей қаласының соты оның денсаулығына байланысты және қамауда болған кездегі тәртібін ескеріп босату туралы шешім шығарды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.