Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ыстық махаббатпен, Ананди»: Танымал үнді актрисасы қазақша сөйлеп, елді таңғалдырды

0 983

Қазақ елі Ананди деп атап кеткен танымал үнді актрисасы Авика Гор қазақ тілінде сөйлеп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Авика Гор продюсер Нұрлан Қоянбаевтың I go to School фильміне түскен. Ол 5 наурыз күні тұсаукесер үшін Алматыға арнайы келетінін айтып, көрермендерді кездесуге шақырды.

«Құрметті, қазақстандық достарым! Жуырда Нұрлан Қоянбаевтың I go to School фильмі жарыққа шығады. Онда мен басты рөлді ойнадым. Фильм премьерасы үшін арнайы 5 наурыз Қазақстанға келемін. Сіздерге ыстық махаббатпен Ананди, Авика Гор», – деді үнді актрисасы.

«Қазақ тілін үйреніп алыпты», «Өз ана тілін білмейтін біздікілер көрсін», «Нұрлан Қоянбаев, Авиканы қазақша сөйлеткеніңіз үшін сізге ризамын. Жасай беріңіз», – деп риза болды оқырмандар. 

Айта кетейік, I go to School фильмінде Авикамен бірге Нұрлан Қоянбаев, Рамазан Амантай және актриса Алтыншаш Шаяхмет басты рөлдерді сомдайды. Фильм 10 наурыздан бастап кинотеатрлардан көрсетіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.