Динара Сәтжанның ұлы Даниал Өскенбай Украинаға көмек жіберді. Ұлы бұл туралы анасына да хабарламаған. Тележүргізуші ұлының қайырымдылық әрекеттерін желі арқылы естігенін айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Динара Сәтжан желідегі оқиғалар желісінен ұлынының Украинаға көмек жібергенін естігенін айтты.
“Бүгін менің ұлым Даниал Өскенбай Украинаның Қазақстандағы елшілігіне 200 жөргекқап пен 200 жөргек алып келді. Мен бұл туралы оның парақшасы арқылы білдім. Данчик адамдармен көп сөйлеседі. Гуманитарлық көмекті елорда тұрғындары ғана емес, басқа қалалардан да тасымалдауда.
Қоғам қайраткері Тоғжан Қожалиева әріптестерімен бірге 30 миллион теңге жинады. Бұл ақшаға гуманитарлық көмек 3 ұшақпен Украинаға жөнелтілді. Біздің азаматтар сол ұшақтармен қайтып жатыр. Егер сіз де украиндықтарға көмектескіңіз келсе, Тоғжан Қожалиеваға ақша жібере аласыз”, – деп жазды тележүргізуші.
Желі қолданушылары алғысын айтып, қолдау көрсетті.
“Өзімізге кім көмектеседі. Соғыс болмай-ақ қиын жағдайда қалған отандастарымыз бар. Ал мынадай пиар компания өзін әдемі көрсеткісі келетін адамдарға керек. Өз халқына, өз отандастарына, туыстарына көмектесіңдер, басқа халыққа көмектестім деп мақтанбай”, “Алла жар болсын, керемет, балаңыз жақсы адам болады”, “Алланың нұры жаусын!!!”, “Рахмет көмектеріңізге, Алладан қайтсын”, “Жақсы тәрбие берген екенсіз”, “Қазір бәрі жарнама үшін жақсылық жасайды”, “Бұл есеп беру ғана, біреуден ақша жинаған соң солай есеп бересің”, – деп жазды желідегілер.