Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жан Ахмадиев: Бір бақсы менің көп ұзамай қайтыс болатынымды айтты

0 509

Заманауи жырау деген атпен танылған Жан Ахмадиев өз өміріне қатысты қызықты деректі айтты. Әнші өз өмірін болжаған бақсыға өкпелі,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жан Ахмадиев өз өміріне қатысты қызықты жайтты айтып, елді күлкіге қарық қылды. Ол өз өмірін болжаған бақсы әйел жайлы айтып берді.

“Соңғы кездері хотуным мені ерекше жақсы көріп, айтқанымды екі етпей орындап, себепсіз сезім білдіруді шығарды. Барған сайын, мен де ерке болып бара жатқанымды байқадым. «Мә, мынаған не болған» деп күмәнданып қоямын. Базар жоқ, келіншегің күлімдеп, күн сайын түрлі сыйлық жасап тұрса рахат екен. Десе де, ақырындап, адал аруымды әңгімеге тарттым. «Еу, көке! Не болды? Бәрі дұрыс па?” десем, әйелім солқылдап, жылап жіберді.

Сөйтсем жақында бір бақсысымақ тәтеміз әйеліме пал ашқан екен. Сондағы айтқаны: «күйеуің өзіңнен бұрын көп ұзамай қайтыс болады» депті. Еее бәсе, бұл неменеге алдымда зыр айналып, дарбалақтап жүр десем, хотуным мені «соңғы сапарға» дайындап жүрген көрінеді. Мұндай «сандалған әңгімені» жүрекке жақын қабылдамасам де, естен шықпай жүр. Қазір іштей «құрсын, абайсызда өліп кетпейін» деп жан-жағыма қарап жүретін болдым. Бірақ, қатынымның алдында патшасың ғой. Енді отырмын балгерге рахмет деймін бе, жоқ ренжиін бе деп”, – дейді ол.

Желідегі оқырманы бұл әңгімені естіп, күлкіге қарық болды. Енді бірі ұзақ өмір сүресіз деп жұбатты.

“Ұзақ өмір сүреді екенсіз”, “Бәрі жақсы болады”, “Бақсы-балгерге сенбеу керек, олар жындармен байланысады”, “Бәрін Алла біледі”, “Әйеліңіз бақсыға не үшін барып жүр?”, “Бастысы аман болыңыз, бірге ұзақ жасаңыздар”, – деді олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.