Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда оқушылардың тамағына вакцина қосып беріп жатыр: Ақпарат қазақстандықтарды шошытты

0 1  089

Ата-аналардың What’s app мессенджеріндегі чаттарында бірнеше күн бойы мектеп асханаларындағы тамақ пен сусындарға «Pfizer» вакцинасы қосылуда» деген хабарлама таралуда, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, вакцина қосылған тамақты жегене балаларда қауіпті аурудың белгілері, яғни жүрек айну және құсу байқалуда. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратты жоққа шығарды.

“What’s app желісінде  дыбыстық хабарлама таратқан белгісіз әйел «Pfizer» вакцинасы балаларға мұрын тамшылары арқылы да енгізілуде деп мәлімдейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, «Pfizer» компаниясы өндіріп отырған «Комирнати» вакцинасының әр құтысы 6 адамға арналған. Және вакциналар медициналық орындарда арнайы мұздатқышта  сақталуда. Вакцина 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге  ата-аналардың келісімі бойынша иыққа салынады, вакцинаның мұрын тамшылары мен спрей түріндегі баламалары жоқ”, –  деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Атырауда екпені 20 оқушы алған. Күн сайын екпе алуға белсенді оқушылардың саны артып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.