Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шымкентте бес адамнан сібір жарасы анықталды

0 896

Шымкентте бес адамнан сібір жарасы анықталды. Аталған жағдай Абай ауданы аумағында тіркелді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауру малдың етін Түркістан облысының Сайрам ауданындағы кәсіпкер Жиделі шағын ауданының 15 тұрғынына сатқан. Оның төртеуінен індет белгілері анықталды. Етті тұтынған өзге азаматтарға қажетті медициналық-профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Шымкентте биыл сібір жарасын жұқтырғандар саны екі есе өскен.

«Ол ошақта барлық індетке қарсы іс-шаралардың барлығы жүргізілді. Ошақ жабылды. Бізде қарым-қатынастағы барлығы 14 күн медициналық бақылауда болды. Олар антибиотик пен профилактикалық ем қабылдап, олардың арасында қайталанған жағдайлар кездескен жоқ», – дейді Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.