Қалалық қоғамдық-саяси газет

Француздар аяушылық танытпады

0 784

 Футболдан әлем чемпионатының іріктеу ойынында ел құрамасы Франциядан жауапсыз сегіз гол жіберіп алды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Жанкүйерлер біздің жігіттердің жеңілетінін іштей білсе де, матчты көруге ынталы болғаны рас. Бірақ ойын 8:0 есебімен аяқталатынын ешкім күткен жоқ. Кездесудің алтыншы минутында әлемнің ең үздік ойыншыларының бірі, франциялық Килиан Мбаппе есеп ашты. Бір қызығы араға тағы алты минут салып, Мбаппе есепті еселеді. Француздық аяқдоп шебері жиырма мунуттан кейін Стас Покатиловтың қақпасына үшінші голын тоғытты. Ойынның екінші таймында Карим Бензема Қазақстан қақпасына екі гол соқса, абырой болғанда Адриен Рабьо мен Антуан Гризманн тек бір-бір голмен шектелді. Ал сегізінші голды пенальтиден соққан Мбаппе «покер» жасады. Осылайша Франция құрамасы Д тобында 7ойыннан кейін 15 ұпаймен көш бастады. Ал Байсуфиновтың шәкірттері үш ұпаймен соңғы бесінші орнында қалды. Қысқасы әлем чемпионатынан үмітін үзді. Ойынның статистикасы белгілі, басымдық біржақты франциялықтардың пайдасында. Айта кетелік, Франция құрамасы «Астана-аренадағы» ойында жауапсыз екі голмен шектелген еді. Енді ел футболшылары осы топтағы Финляндиямен өтетін соңғы ойында тегеурінді қарсылық танытса деген тілек бар. Сонда бәлкім жанкүйерлер Франциядағы ойынды уақытша болса да ұмытар…

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.