Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында бұзақылар туристерге арналған нысанның тас-талқанын шығарған

0 1  166

Түркістан облысында туристерге арналған нысанды қиратып кеткен вандалдар іздестіріліп жатыр. Бұзақылар мәрмәр тақтайшалары мен орындықтарды сындырып кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік қызметкерлері тәртіп бұзғандардың үстінен полицияға шағымданды. Келтірілген шығын 600 мың теңгеге бағаланып отыр. Жергілікті билік қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

Өткен жылы бұл нысанға бюджеттен 15 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Туристерге арналған орын Төле би ауданында Алатау ауылдық округіне кіреберісте жасалған. Мұнда демалушылар табиғатты тамашалау үшін келетін. Тау етегінен бес шақырымдай жердегі биік төбеде жергілікті жердің пейзаждарын ұсақ-түйекке дейін көруге мүмкіндік беретін бинокль орнатылған.

Нысан туристердің, жас жұбайлардың және мектеп бітірушілердің сүйікті орнына айналады деп жоспарланыпты. Алайда көп уақыт өтпей бұзақылар бұл орынның тас-талқанын шығарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.