Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тізерлеп тұрып жалынамын»: Актер Жанболат Найзабеков жол апатына түскен анасы үшін халықтан көмек сұрайды

0 8  720

Көпке белгілі әзілкеш, актер Жанолат Найзабековтің анасы жол апатына түсті. Қазір ауыр халде. Әзілкеш анасына шұғыл ота жасалу керек екенін айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанболат Найзабеков жол апаты салдарынан анасының басына зақым келіп, көп қан жоғалтқанын айтты. Анасына шұғыл ота жасалу керек. Алайда тиісті затты алу үшін 2 570 000 рубль (15 миллион теңге) керек екенін жеткізді.

Актер отаны тегін жасайтынын алайда, оған қажетті пластинаны алу үшін қомақты қаражат керек екенін айтып түсіндірді. Одан бөлек халықтың берген ақшасын міндетті түрде кері қайтарып берем деп уәде етті. 

“Анам мен ағам жол апатына түсті. Ағам оқиға орнында қайтыс болды. Анам ауыр халде. Көп қан жоғалтты. Басына зақым келген. 4 сағат аппаратта жата алады. Әрі қарай ота жасау керек. Отаны тегін жасайды. Алайда пластинаны жеке медициналық компаниялардан сатып алу керек. Өтінемін, тізерлеп тұрып жалынамын. Маған көмектесіңіздерші. Әрқайсыларыңыздың ақшаларыңызды қайтарып берем. Маған бөтен ақша керек емес. Көмек қолын созам деушілер 4779 8617 5951 4983 картасына ақша аудара алады”, –деп жазды Жанболат Найзабеков парақшасында.

Актер одан бөлек оң резус факторлы 4-қан тобы керек екенін айтып көмек сұрады.

Қайғылы жағдай бүгін, 13 қараша күні болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.