Қалалық қоғамдық-саяси газет

8 жасар қазақстандық қыз «Әлемдік супермодель-2021» байқауында жеңімпаз атанды

0 1  082

Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғыны 8 жасар Мариям Ишанғалиева Сочиде өткен «Супермодель-2021» әлемдік жас арулар байқауының бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 25 елінен қыздар қатысты. Байқау визиттік карта, сән көрсетілімі және шығармашылық бойынша үш турда өтті. 

Анасы Мариям Ишанғалиеваның айтуынша, дефиле кезінде қызы «Адай» күйімен сахнаға ұлттық киіммен шыққан. Жас қазақстандық, қазылар алқасының пікірінше, лайықты жеңіске жетті. Мәриям Мұқанов атындағы орта мектептің 3-сыныбында оқиды.

Ол сұлулық байқауларына бірінші рет қатысып отырған жоқ, сонымен қатар оның әртүрлі атақтары бар.

Қазақстан қалаларында да сұлулық байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұған дейін «Астана аруы – 2021» атағын 21 жастағы Айдана Ахантаеваға бұйырғаны белгілі болған. Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Орал, Шымкент және басқа да қалаларда ең сұлу қыздар таңдалып үлгерді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.