Қалалық қоғамдық-саяси газет

300-ден астам адам ҰҚК-ның Жамбыл облысындағы департаментін басып алмақ болған

Атыс кезінде подполковник Дархан Әділбай қаза тапты.

0 294

  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысындағы департаментіне жасалған шабуылға қатысты ресми ақпарат жариялады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

5-6 қаңтар аралығында 350-ге жуық адам атыс қаруы мен «Молотов коктейльдерін» қолдана отырып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментін басып алуға тырысқан.
300-ден астам адам ҰҚК-ның Жамбыл облысындағы департаментін басып алмақ болған

«ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы мақсаттағы тобымен бірлесе отырып, үш бірдей қарулы шабуылға тойтарыс берілді. Атыс кезінде жараланған терроризмге қарсы орталықтың бөлім бастығы подполковник Дархан Әділбай қаза тапты» делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда қарулы шабуыл бойынша 6 қылмыстық іс қозғалған. Жамбыл облысында құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобы Қылмыстық кодекстің 269-бабы, 2-бөлімінің 1 және 6-тармақшалары («Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен шабуыл жасау немесе оларды басып алу») бойынша 30 адамға қатысты тергеу шараларын бастап кетті.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.