Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда құрылыс көлемі 16 пайызға артқан

0 894

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен партия облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. Онда Бюро мүшелері партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша Жол карталарының орындалуы барысын қарады.

 Жол картасы бойынша жыл басынан бері өңірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 329,5 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 16,4 пайызға артқан. Сондай-ақ, 11 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның 3-еуі аяқталды. Жаңа оқу жылына 7 мектеп оқушылардың игілігіне берілсе, жыл соңына дейін тағы 1 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 73 мектептің жиһаздарын жаңарту, жаңа модификациялық кабинеттер ашу, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы мәселесі де көтерілді. Қазіргі таңда құрылыстың 80% аяқталған. Жобаның құрлысын толық аяқтау үшін әлі 1 миллиард теңгеден астам қаражат керек. Бердібек Сапарбаев жауаптыларға Жуалыдағы нысанды тезірек пайдалануға берудің жолдарын қарастырып, мәселені шешу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Биыл республикалық Жол картасының 8, облыстық Жол картасының 6 және аудандық Жол картасының 55 көрсеткішінің орындалмау қаупі бар. Облыс әкімі жұмыстарды кешеуілдеткен сала басшыларын сұрақтың астына алды. Жауаптылардың айтуынша, кей жобалардың толық жүзеге асуына қаражат мәселесі әсер етуде.

Жиын соңында филиал төрағасы кеңесте қаралған мәселелердің қатаң бақылауда болатынын ескертіп, аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына жұмысты жүйелі жүргізуді тапсырды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.