Әлеуметтік желілерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел астанасын Қостанайға көшіру туралы мәлімдегені жайлы ақпарат тарап жатыр. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – фейк, деп хабарлады “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kzсайтына сілтеме жасап.
«Ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ. Еліміздегі негізгі БАҚ мұндай хабарламалар жарияламаған. Елорданы көшіру туралы мәлімдеме akorda.kz ресми порталында да шықпаған. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында да бұл туралы жазбаған. Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ. Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдемесі фейк», – деп жазды Stopfake.kz сайты.