Қалалық қоғамдық-саяси газет

«2024-2025 жылдары баспана тапшылығы болуы мүмкін» – құрылысшылар одағы

0 259

Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев елде күзге қарай құрылыс материалдарының бағасы қымбаттайтынын болжап отыр деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Құрылыс материалдарының нарығындағы өндірістік және сауда-саттық тұрақсыздығына байланысты бүгінде көптеген компаниялар жоспарларын қайта қарап, құрылыс көлемін қайта есептеп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта, 2022 жылы болмаса, 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы сезілуі мүмкін», – деді Ерғалиев.

Оның айтуынша, құрылысқа қажетті негізгі материалдың басым бөлігі әлі де болса сырттан әкелінеді. Яғни, құрылыс материалының бағасы қымбаттай түсуі мүмкін.

«Кейінгі 7 жылдағы жағдайды алып қарасақ, сол арқылы алдағы уақытқа болжам жасасақ, баспана нарығындағы инфляция 12-14 пайыз болып, құрылыс материалдарының бағасы кемінде 10-15 пайыз қымбаттайтынын көреміз. Сондықтан ахуал тұрақтана қоймайды. Керісінше, осы қарқынмен шиеленісуі мүмкін», – деді құрылысшылар одағының басшысы.

Мұндай болжамның мәнін сарапшы былай түсіндірді:

«Ресейге қарсы салынып жатқан санкциялардың құрылыс нарығына түсіретін шынайы салмағын біз тамыз-қазан аралығында сезінеміз. Әзірге материал мен тауардың қоры жеткілікті. Бірақ шамамен күзден бастап санкциялардың шынайы әсерін көреміз. Осы кезде құрылыс бағасы қайта қымбаттайды».

Бұған дейін Құрылысшылар қауымдастығының басшысы Виктор Микрюков алдағы екі айда баспана қымбаттамайтынын болжаған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.