Қалалық қоғамдық-саяси газет

2023 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген салық жүйесі алынады

0 361

2023 жылдан бастап табыс салығын 3 пайыздық мөлшерлемемен төлеп жүрген көптеген кәсіпкерлер үшін салық тәртібі өзгереді. 1 қаңтарда күшіне енетін қаулыға сәйкес арнаулы салық жүйесі тек бір ғана қызмет түріне қолданылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жеңілдетілген салық жүйесі дағдарысқа қарсы қолданылған шара еді. Сол арқылы билік көптеген кәсіпкерлік нысандарды жабылып қалудан сақтап қалмақ болды. Нәтижесінде жаңа салық жүйесіне 114 қызмет түрі енгізілді. Ал 2023 жылдан бастап бөлшек салық режимі тек қоғамдық тамақтану қызметі үшін қолданылады. Бұл шешімге осы саладағы кәсіпкерлердің бірнеше рет шағымдануы әсер еткен болуы мүмкін. Себебі олар пандемиядан соң әбден шығынға батқанын, тіпті мыңдаған тамақтану орындары жабылып қалғанын мәлімдеген.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қаулысына сәйкес қонақ үй ішіндегі, ресми іс-шара өткізуге арналған, жеткізіп беру қызметі бар мейрамханалар үшін салықтың жеңілдетілген жүйесі сақталады. Бастысы жол бойындағы жолақта орналаспаса болғаны. Сондай-ақ бұл тәртіп елдімекендерден тыс жерде тағамды тапсырысқа дайындайтын, азық-түлік жеткізіп беретін немесе жолаушылар пойызының мейрамханалары үшін қолданылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.