Қалалық қоғамдық-саяси газет

2022 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 30%-ға өседі

0 470

2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге бюджеттен 361 млрд теңге қаржы бөлінеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл президент жолдауында берілген тапсырма аясында жүзеге асырылып отыр.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде 2020-2025 жылдары медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған», – дейді ол.

Тоғжанов ұсынған деректерге сүйенсек, осы жылдың 1 қаңтарынан  247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен. Соның ішінде, дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға (246,1 мыңнан 319,9 мың теңгеге), орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға (144,6 мыңнан 173,5 мың теңгеге) артып отыр.

Вице-премьердің айтуынша, 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Осы мақсатқа бюджеттен 2021 жылға – 222,3 млрд теңге, 2022 жылға – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы 557,4 млрд теңге көзделген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.