Қалалық қоғамдық-саяси газет

«2005-тер үйленіп жатыр». 11 сынып оқушысының тойы желіде қызу талқыға түсті

0 771

Әлеуметтік желіде ерекше жұптың дүбірлі тойы дүйім жұрттың назарына ілікті. Жас жұбайлардың бейнежазбасын көрген көпшілік күйеу жігіттің әлі оқушы екенін айтуда, деп хабарлайды Экспресс К.

Ғаламторда тараған видеоға көз жүгіртсек, аласа бойлы жігіт өзінен әлдеқайда ұзын қалыңдыққа үйленіп жатқанын аңғаруға болады. Бұл кештегі жас жұбайлардың да, тойға жиналған меймандардың қуанышында шек жоқ. Олар екі жасқа тілегін айтып, ерекше көңіл-күйде жүр. Бірақ бейнероликтің авторы желідегі жұрттың назарын аударған орта бойлы күйеу жігіт әлі мектеп жасындағы оқушы екенін айтып, оның 2005 жылы туғанын жазыпты.

2005-тер үйленіп жатыр. 11 сынып,— деп жазды видео авторы.

Дүбірлі тойын өткізген аласа бойлы жігіттің бұл шешімін бірі даттаса, енді бірі жақтап жатыр. Ерекше жұпқа бағытталған пікірлер сан түрлі.

«Түк көрмегендер, не жұмыс жоқ, не баспана жоқ», «Бойы ұзын қыз алып, тұқымын ауыстырып жатыр-ау», «Баланың түрі 1975, бойы 7 сынып деп тұр ғой», «Класстастарын тойға шақырды ма екен, әлде апайы сабақтан жібермей қойды ма», «13-те отау иесі деген», деп жазды желі қолданушылары.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.