Қалалық қоғамдық-саяси газет

200 млн теңгеге ұтылып, лото клубты өртеп жіберген Бейнеу ауылының тұрғыны сотталды

0 260

Маңғыстау облысында жергілікті LOTO CLUB-та 200 миллион теңге ұтылып, мекемені өртеп жіберген Бейнеу ауылының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2022 жылдың 3 ақпанында Бейнеу ауылының тұрғыны құмар ойындарға қарсылық білдіріп, Бейнеудегі LOTO CLUB клубын өртеп жіберген болатын. Ер адамның айтуынша, оның төрт баласы бар, 20 жыл бойы бәс тіккен ол 200 миллион теңгеге жуық шығынға батқан.

Жазда Бейнеу ауылының бірнеше тұрғыны көпшілік алдында ойын мекемесін жабуды талап еткен.

Сотта ер адамның жеке бас мүддесі үшін тағы бірнеше қылмыс жасағаны белгілі болды. Ол ауылдасы мен көрші облыстардың екі тұрғынына өзінде жоқ жылқыларды сатып, алдап кеткен.

Бірінші жағдайда сотталушы С., Батыс Қазақстан облысының тұрғынына жылқы сатып алғысы келетінін біліп, ған WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалып, оған бес жылқыны 430 мың теңгеге сатып алуды ұсынған.

Жәбірленуші оған барлық соманы Kaspi-ге жіберіп, өзі құр алақан қалған.

Ер адамтағы бір жәбірленушіні 2022 жылдың қаңтарында алдап кеткен. Ол дәл осылай Атырау облысының тұрғынына 350 мың теңгеге жоқ жылқыны сатқан.

Сондай-ақ сотталушы ауылдасынан 20 бас жылқысы үшін 2 миллион 200 мың теңге алып үлгерген.

Сосын, шарасыздыққа түскен ол екі аптаға жуық уақыт өткен соң LOTO CLUB ғимаратына бензин шашып, өртеп жіберген. Осылайша ол ғимарат иесіне 9 798 525 теңге және клуб иесіне 17 320 714 теңге шығын келтірген.

Прокурор айыптауды толық қолдап, С.-ны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ақшасын қайтып алған, алданған сатып алушылар өз шағымдарын қайтарып алды. LOTO CLUB өкілдері мен ғимарат иесі соттың шешімімен жаза беруді сұрады.

Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды, яғни, ер адамның кәмелетке толмаған төрт баласы мен жүкті әйелінің болуын ескеріп, клубты өртегені үшін оны бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.