Қалалық қоғамдық-саяси газет

«20 жыл бойы өмірімізді қатерге тігіп келеміз»: Павлодар облысының тұрғындары әкімдік қол қусырып отыр деп шағымданды

0 271

Павлодар облысы Черемушки ауылының тұрғындары 20 жыл бойы өмірлерін қатерге тігіп, заңды бұзып келгенін айтады. Қалаға жету үшін олар темір жолда тұрған вагон астынан өтуге мәжбүр. Себебі 2001 жылы ауылдан қараға қатынайтын темір жол желісі салынғанымен, жүргінішілер өтетін өткел салынбаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Черемушки ауылында 800-ге жуық адам тұрады. Мектеп, балабақша мен аурухана жоқ, сондықтан тұрғындар күнделікті қалаға баруы керек. Бұл қауіпті, қалаға барған сайын заң бұзамыз дейді олар.

«Балалар да, қариялар да ауруханаға бару үшін вагон астынан өтеміз. Құдай сақтасын, біреуге бірдеңе боласа ше. Әкімдік қол қусырып отыр», – деп мәлімдеді ауыл тұрғыны Зоя Стрелина.

Мәселенің көтеріліп келе жатқанына 20 жыл болған, бірақ ештеңе өзгермепті. Былтыр станцияда пойыз құрамдарына арналған тұрақ ұйымдастырылғалы қатер арта түскен. Ауыл тұрғындары әкімдікке хат жазып, өткел салуды сұраған екен. Шенділер бұл мәселені шеше алмайтынын айтыпты.

«Көпірлер, өткелдер, тораптар, барлығы. Бұл темір жол нысандары бізге қатысты емес деп жауап берді әкімдікте», – дейді «Ақсу» станиясының басшысы Қайрат Қаутанов.

Ауыл мен қала арасында шағын автобустар жүреді. Бірақ олардың интервалы 3 сағатқа дейін созылып кетеді екен. Ал мектептен ауылға дейін оқушылар тасымалы ұйымдастырылмаған.

Мәслихат өкілдері Черемушкиде тұрғындар аз болғандықтан өткел салу тиімсіз дейді. Мұның орнына шенділер автобус санын көбейтуді ұсынды. Алайда шығындарды тасымалдаушы өз мойнына алуы керек.

«Тиімділік жағынан қарастыру керек. Бұл жерде расымен адамдар жүру үшін. Черемушки ауылында адам саны аз. Жаяу жүрмеу үшін автобус ұйымдастыруға болады», – деп мәлімдеді Ақсу қаласы Мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев.

Полицейлердің айтуынша, темір жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені үшін 5 АЕК айыппұл салынады. Бұл, шамамен, 15 000 теңге. Жыл басынан бері елде 15 адам пойыз астына түсіп мерт болған. Олардың алтауы – балалар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.