Қалалық қоғамдық-саяси газет

2 мың теңгеге сатып алған: Алматыда «Алтын Орда» базарында 40 жастағы ер адам саудаланған

0 590

Адам саудасы бойынша халықаралық рейтингте, Қазақстан екінші орында тұр. Биыл да ел ішінде 141 қылмыстық іс қозғалған. Ішкі істер министрлігі бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстар аз емес дейді. Бірақ соған қарамастан жағдай оңалар емес. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.

Әсияның ағасы Тараздағы базарлардың бірінде етікші болып, нан тапқан. Табысы мардымсыз болғандықтан, Алматыға жол тартыпты. «Алтын Орда» базарында 40 жастағы ер адамды әлдекім 2000 теңгеге сатып алған дейді.

“Бір машина келіпті, киімдерін, документтерін алуға. Сосын ағам әпкемізге айтыпты, мені жібермеші, алдап-сулап алып келдім мыналарды киімдерімді аламын деп. Сөйтсе алып келгендер айтыпты, біз бұны 2000 теңгеге сатып алғанбыз. Сонда «Алтын Орда ма» базарда глухо-немой адамдарды сатады екен. Алматыда бір фирмада ұстап отырған екен, ұрады тепкілейді”, – дейді қарындасы Әсия.

Қылмыстың бұл түрі, арзан жұмыс күшіне деген сұраныстан басталып, зорлық-зомбылыққа жалғасады. Тіпті туылмаған, ішіндегі шаранасын саудаға салып жүргендерде аз емес. Баламды сенімді қолға беремін деп жарнамалайтындардың да көздегені ақша.

Ақтаудың бір адамдарынан сөйлесіп қойдым, ол кісілер 2 миллион беремін балаң маңызды деп отыр. Хабар күтіп отырмын әзірге. Балаға қатты мұқтажбыз деп отыр. Ал құзырлы органдардың айтуынша, адам саудасына қарсы тұруда тұрғындардың қырағылығы маңызды. Олар  жастарға шетелде жұмыс беруге, жоғары табыс табуға уәде беретін де жағдайлар барын ескертті.

“Ешкімге жеке құжаттарыңызды бермеңіздер, жұмыс түрін анықтап алыңыздар. Басқа қалаға немесе елге шықпас бұрын құжаттарыңыздың көшірмесін қалдырып кетіңіздер. Және мекен-жайыңызды жақындарыңызға айтып қойыңыз”, – дейді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Заңгерлер де адам саудасы, бұл табыс көзіне айналғалы қашан деп отыр.

“Шын айтсам мына проституциямен де күресу керек. Өйткені  кейде күлкіге айналып кетеді. Бәрі біледі, кто крышует, кім ұстап тұрғаны  оның ішінде полицейде кіріп келеді. Сарапшылар да айтады, полицейлерде ақшаларын алып отырмыз деп”, – дейді ҚР президенті Ұлттық кеңесінің мүшесі, заңгер Марат Бәшімов.

Жыл сайын мыңдаған ер азаматтар, әйелдер мен балалар өз елдерінде, кейде шет елдердегі адам саудалаушылардың қолына түседі. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында жұмыстар атқарылып жатқанымен, нәтижесі мардымсыз болып тұр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.