Қалалық қоғамдық-саяси газет

18 жастағы қыз бесінші, 23 жастағы қыз оныншы қабаттан секіріп кеткен

0 238

  Екі қыз көпқабатты үйден секіріп кеткен,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

18 жастағы қыз төмендегі дүкеннің үстіне құлапты. Оны көргендер дереу жедел құтқарушыларға шақырған. Қыз аман, бірақ біршама жарақаттанған. Қазір ауруханада жатыр.

«Аталған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді Шымкент қаласы полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Мөлдір Бекеева.

Сондай-ақ, кеше қалада тағы бір бойжеткен оныншы қабаттан секірген. Ол сәт бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Куәгерлер  жедел жәрдем қызметі мен полиция шақырған. Дәрігерлер 23 жастағы қыздың  ауруханаға жеткенше көз жұмғанын айтады. Полиция қазір  өлім себебін анықтап жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.