2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.
Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,1% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,4% білімі жоқ.