Қалалық қоғамдық-саяси газет

15 жыл үй тазалаған әйел министрдің орынбасары болып тағайындалды

0 223

Чилиде 15 жыл бойы үй тазалаумен айналысқан әйел министрдің орынбасары болып тағайындалды. 1 ақпан күні Чили президенті Габриэль Борич елдің жаңа үкіметінің құрамын өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Президент министрлердің болашақ орынбасарларын тағайындағанын хабарлады. Олардың бірі – 15 жыл бойы үй тазалаушы болып жұмыс істеген Лус Видаль Уирикео болды. Ол әйелдер және гендерлік әділеттілік министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Әйел Чилиде әртүрлі отбасылардың үйін тазалаған. Бұл туралы ақпарат оның қысқаша биографиясында бар.

Лус Видаль бұрын үй қызметкерлері кәсіби ұйымын басқарған. Бұрынғы әріптестері оны жаңа қызметімен құттықтап, қолдау білдірді. Ал Видальдың өзі әйелдердің құқығын қорғау жолында барын салатынын айтып, президентке алғыс айтты. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.