Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың суреттері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазды turkystan.kz.
Есімі халықаралық байқаулардан әлемге танымал болған Данэлия Төлешова өзінің Instagram-дағы парақшасында жанкүйерлерінің түрлі эмоцияларын тудырған бірнеше жаңа суреттерін жариялады.
Санаулы сағаттардың ішінде суреттер көптеген «лайк» жинап, біршама адамдарға ұнады. Арасында жүрегін ұсынып, «Маған тұрмысқа шық!» дегендері де болды.
Дегенмен, әншінің бұл кейпін ұнатпай, оған «нәзік бала қалпында қалғаны жақсы еді» деген пікір жазғандар да кездесті.