Қалалық қоғамдық-саяси газет

15 778 сауал қанағаттандырылған

0 568

Өңірде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында кері байланыс күшейтілген. Соның нәтижесінде қала әкімдігі мен барлық мемлекеттік орган басшыларының тұрғындармен байланысын нығайту және халықтың көкейіндегі мәселелерді шешу үшін ағымдағы жылғы 28-мамыры мен 17-қыркүйегі аралығында әрбір жұма сайын 11 аумақтық округте және «Шөлдала», «Қызыл-Абад» шағын аудандары мен «Барысхан», «Қайнар» тұрғын алқаптарында көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің басым көпшілігі көше жолдарын жөндеу, электр жарығы, қоғамдық көлік және тұрғын үй саласына қатысты болды. Өзекті мәселелердің барлығы дерлік оң шешімін тауып, қосымша уақытты, қаражатты талап ететін мәселелерге қатысты «Жол картасы» әзірленген. Сондай-ақ, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде қала әкімдігі бөлімдері мен оған қарасты мекеме басшыларының тікелей эфирде апта сайын сұхбат беруі ұйымдастырылған. Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде ақпараттық дайджестке 745 шағым, «Jardem 109»диспетчерлік орталығына 15 778 сауал түсіп, қанағаттандырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.