Қалалық қоғамдық-саяси газет

13 жасында өгей әкесінен бала туған: Түркістан облысында қызын зорлаған педофил сотталды

0 869

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 13 жасар өгей қызын зорлады деп айыпталған 1978 жылы туған азаматқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың басында Түркістан облысындағы шалғай ауылдардың бірінде сұмдық жағдай орын алды. 13 жасар қыз өгей әкесінің баласын дүниеге әкелді. Полиция, прокуратура, ауыл әкімдігі және балалар үшін жауапты уәкілетті басқа да мемлекеттік органдар мұндай фактіні жоққа шығара алмады. Ата-анасынан да, қыздың өзінен де ешқандай арыз түспегеніне қарамастан жағдай бойынша тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды.

Отбасының ауылға жақында Шардарадан көшіп келген. Қыздың анасы 1-топтағы мүгедек. Денсаулығына байланысты көбінесе Түркістан мен Шымкент ауруханаларындағы ұзақ мерзімді стационарлық емделген. 13 жасар қызы босанған уақытта да анасы емханада болған. Әйел қызының сәби дүниеге әкелгенін естігенде есеңгіреп қалады. Оның айтуынша, қызының салмақ қоса бастағанын байқаған. Бірақ ол тойып тамақ жегеннен деп ойлаған.

Жасөспірімнің  мал бағумен айналысатынын өгей әкесі болған. Ол өгей қызы босанған уақытта оның жеке өмірі туралы ештеңе білмейтінін мәлімдеген.

Босанған қыз басында баласының әкесін атаудан үзілді-кесілді бас тартады. Бірақ анасы араласқаннан кейін оны өгей әкесі зорланғаны белгілі болды.

Ер адам тұтқындалып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында жаңа туған бала мен қыздың өгей әкесінен ДНҚ сараптамалары алынды. Нәтижесінде күдікті сәбидің әкесі екені 99,9%-ға расталды.

Сотта айыпталушы өзі болған оқиғаны толық мойындады. Әйелі ауруханада болған күндердің бірінде араққа сылқия тойып келіп, өгей қызын зорлағанын мәлімдеді.

Ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық атқару жүйесі комитетінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Жас ана мен бала қамқоршылық меремелерінің қолында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.