Қалалық қоғамдық-саяси газет

1 миллион теңге мен су жаңа Toyota Land Cruiser 300: Jusan Bank ұйымдастырған ұтыс жеңімпаздары алған әсерлерімен бөлісті

0 188

Банк қосымшасы арқылы аударым жасап, су жаңа көлік пен миллиондар ұтып алуға болады десе көпшілік сене бермесі анық. Алайда Jusan Bank өз клиенттері үшін дәл осындай тосын сый ұйымдастарды. Jusan қосымшасы арқылы 1000 теңгеге ақша аударымын жасаған банктің әрбір клиенті жеңімпаз атану мүмкіндігін иеленді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Jusan Bank ұйымдастырған шара аясында Jusan қосымшасы арқылы телефон нөмірі бойынша кемінде мың теңге ақша аударымын жасаған әрбір қазақстандық науқан қатысушысы атанды. 12 апта ішінде еліміздің әр түрлі өңірінің 12 тұрғыны 1 миллион теңгеге ие болса, басты жүлде – су жаңа Toyota Land Cruiser 300 ақтаулық ұстазға бұйырды.

Бір күнде Jusan Bank-тің арқасында миллионер атанғандардың бірі – Жанар есімді 19 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. 3-курс студенті Jusan картасын жиі қолданатынын сөз етеді, себебі оның шәкіртақысы осы картаға түседі екен. Түрлі төлемдер мен ақша аударымын осы картамен жасаймын деген бойжеткен ұтыс жайлы хабарлама келгенде сенбедім дейді.

“Жеңімпаз атанғаным туралы 5 қараша күні хабарлама алдым. Шыны керек, алғашында бұл науқан жайлы естімеген едім, содан болар мұндай сәттілікке сенбедім. Артынша Jusan Bank-тен ресми құттықтау келіп түсті, сонда ғана бір миллион ұтқанымды түсіндім. Қандай сезімде болғанымды айтып жеткізу мүмкін емес, қуанышым қойныма сыймады. Бұл жаңалықты ең бірінші болып анама айттым”, – дейді ол.

Жанардың сөзінше, бұл жеңісінен кейін оның өзіне деген сенімділігі арта түскен. Сонымен қатар студент қыз ұтыс ақшасын ата-анасына сыйлауды жөн көргенін тілге тиек етті.

Миллион теңге иеленгендердің бірі, алматылық Ризағали бұл ақша жаңа жыл қарсаңында жақсы көмек болды дейді. Қаладағы компаниялардың бірінде техникалық маман болып жұмыс істейтін ол Jusan Bank картасы арқылы жалақы алатынын айтады.

“Жалақым Jusan картасына түсетіндіктен ол арқылы жиі сауда жасаймын. Банк қосымшасының көмегімен де зат сатып алып, коммуналдық төлемдер мен басқа да операцияларды орындаймын. Картаны пайдаланғаныма 3 жыл болды. Акция жайлы жарнамалардың бірінен көзім шалып қалды. Бірақ ұтыс маған бұйырады деген ой болмапты. 1 миллион теңгені ұтып алдыңыз дегенде мүлдем сенбедім, тек банк кеңсесіне барғанда бір-ақ көзім жетті. Ақшамды екі күннен кейін сол қолданып жүрген картама аударды, қаражат қолыма расымен түскенде қуанышымда шек болмады”, – дейді жеңімпаз.

Алматы тұрғыны бұл ақшаны несиелерін жабуға пайдаланатынын жасырмады.

Бір миллион теңгеден бөлек, ұтыстың басты жүлдесі ретінде Toyota Land Cruiser 300 көлігі ойнатылған болатын. Темір тұлпар 57 жастағы Ақтау тұрғыны Злихаға бұйырды. Су жаңа көлікті қанжығасына байлаған әйел Jusan қосымшасы арқылы ақша аударымын банк менеджерінің кеңесімен жасағанын айтады.

“Акцияның жүріп жатқанынан хабардар болмадым. 15 желтоқсан күні банктің менеджері маған хабарласып, көлікті ұтып алғанымды айтты. Жеңемін деп күтпеген едім, тіпті үміттенбедім де, сондықтан сенген жоқпын. Әрине, мұндайды болжау да мүмкін емес қой. Мереке күндері аяқтала сала бірден Алматыға билет алып, ұшып келдім. Шынымды айтсам, өзімде жүргізуші куәлігі жоқ, енді бірақ алдағы уақытта көлік айдауды үйреніп алсам ба деген ой келді. Ал қазірше көлікті ұлым айдайды», – деп күлді ол.

Зылиха Ақтаудағы балабақшалардың бірінде ұстаз болып қызмет етеді. Оның жалақысы осы Jusan картасына түседі екен. Қарапайым картаны қолдану арқылы көлік ұтып алу мүмкін деп ойлағаман Ақтау тұрғыны Jusan Bank-ке алғысын жаудырды.

“Бұрын мұндай ұтыс жайлы көп естігенмін. Бірақ сене бермейтінмін. Осы жеңісімнен кейін барлығы әділ өтетініне көзім жетті. Мұндай сыйлықтан кейін Jusan картасын да, қосымшасын да қуана-қуана қолданатын боламын”, – деп қосты Злиха.

Ақтаулық ұстаз көлік кілтіне 21 желтоқсанда ие болды.

Айта кетсек, Jusan Bank ұйымдастырған науқанға 105 мыңнан адам қатысқан. Қаржылай сыйлық пен темір тұлпардан бөлек 20 қатысушыға брендтік сыйлық табысталса, тағы екеуі Iphone иеленді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.