Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зияткерлік мектептердің 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды

0 252

Назарбаев Университетінде Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры Жоғары Қамқоршылық кеңесінің отырысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды.
Зияткерлік мектептердің жаңа стратегиясы адами капитал, ұлттық құндылықтар және тұрақты дамуды іргелі негіз етіп, үш бағытта жүзеге асады.
Бірінші стратегиялық бағыт NIS оқушыларының толыққанды дамуын қамтамасыз етуді, Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығы жұмысын жетілдіруді және бүкіл мектеп қауымдастығының әл-ауқат индексінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қолайлы және жайлы орта құруды көздейді.
Ал екінші стратегиялық бағыт – Қазақстанның білім беру саласында зияткерлік капиталды дамыту. Бұл мақсаттарды орындаудың негізгі қадамдары білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын дайынау, елдегі мектептердің кәсіби қауымдастығын дамыту, сондай-ақ білім беру ұйымдарын бағалау және аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз агенттік құру болып табылады.
Қазақстандық брендке айналған NIS-тің әлемдік білім беру кеңістігінде танылуын арттыру – даму стратегиясының үшінші бағытына негіз болды. Бұл орайда кең географиясы бар аккредиттелген халықаралық білім беру бағдарламасын әзірлеу, білім беру өнімдері мен қызметтерін шетелге экспорттау және NIS-Programme және NIS Grade 12 Certificate-ті мойындайтын халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының санын көбейту, ДББҰ-ның әлемдік деңгейдегі білім беретін ұйым ретіндегі беделін нығайту жоспарда тұр.
Сонымен қатар стратегияны сәтті жүзеге асыруда негізгі қолдаушы факторлар да айқындалды. Бұл – зерттеулер негізінде дамыту, цифрлық экожүйе құру және қаржылық тұрақтылық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.