Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылдағы жырдың нүктесі неге қойылмайды?!

0 117
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы уақыт қалды. Қырқүйек айында мектептердің жөндеуі бітпеді деп, жылда директор, басқарма басшысы, министрлік сын астында қалады деп жазды  Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында
Басты себептердің бірі мемлекеттік сатып алу (тендер) рәсімдерінің шикілігінде. Оның кесірі, әсіресе, әлеуметтік салаға қатты тиіп жатыр.Салынған ғимараттардың сапасыз болуы, зерттеулер үшін қажетті реактивтер мен құрылғыларды сатып ала алмау, күнделікті тауар сапасының төмендігі, бюджет қаражатының игерілмеуі – бұлар да негізінен осы сатып алу рәсімінің тиімсіздігіне байланысты.
Осы проблеманы реттеу үшін біз заңға тиісті түзетулер дайындап, Үкіметке қорытынды дайындау үшін маусым айында жіберіп едік.
Оның алдында Комитетіміздің отырысында облыс әкімдерінің орынбасарларымен, облыстық басқармалардың басшыларымен, мектеп, ауруханалардың өкілдерімен талқылап, Қаржы вице-министрінің қажетті түзетулерді қолдайтыны туралы уәдесін естіген едік.
Дегенмен, жеме-жемге келгенде, Қаржы министрлігі келіспейтіндігін айтып, енді осы түзетулерді қолдамау туралы қорытынды дайындалуда.Бұл әрекетті түсіну қиын.Дегенімен, осы түзетулерді енгізу бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырамыз.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.