Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық тәрбие ұлт тілінен басталады – Қазыбек Иса

0 109

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, ақын Қазыбек Иса орыс тілінде баяндамаға жасаған шенеуніктерге шүйлікті.

Тіл жанашыры “Жүсіпбек Аймауытұлының “Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды”-деген өсиетін Үкіметтен бастап, еліміздегі барлық мектепке жазып қою керектігімен сөз бастап, Ұлттық идеологияның ахуалын, қазақ балаларының орыс мектебіне баруын қолдамайтындығын, білім беру тіліне қарамастан елдегі бар мектепте қоңыраудың орнына Күй ойнатуды енгізу керек” деп бірқатар ұсыныстарды жеткізді.

Тамыз айының 24-25 күндері еліміздің барлық өңірінде «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: АДАЛ ҰРПАҚ, САПАЛЫ БІЛІМ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбындағы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі өтті. Жиынды бастаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бектаев биылғы кеңестің ерекше форматта өтіп жатқанын айтты. Келелі жиында министр 2 тілде баяндама жасаса, вице-премьер баяндамасын орыс тілінде жасағанын еске салайық.

Оқу-ағарту министрлігінің ұлттық мүддені негізге алған “Біртұтас тәрбие бағдарламасын” қабылдағанын қуана қолдаған ақын желідегі парақшасына:

“Ұлттық тәрбие Ұлттық идеологиясы бар елде іске асады.
Ал биылғы Астанадағы жағдай – бірінші сыныпқа барған 25 мың баланың 40 пайызы орыс тіліне баруы, орыс сыныптарының басым бөлігі қазақ балалары болуы Тәуелсіздіктің 32 жылындағы Ұлттық идеологияның нөл екенін көрсетеді. Жаңа өздеріңіз куә болғандай, Тәуелсіз ел үкіметінің идеологиялық вице-премьері баяндамасын Ресей тілінде жасаса, қандай ұлттық идеология?!.”-деп жазба қалдырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.